Жатақхана

Жатақхана мәселелері жөніндегі call-орталығы

50 50 42
+7 771 161 3311 – Колледж ҚАEУ
+7 777 222 41 49 – Университет

Өтініш беру

Жатақханадан орын алу үшін 25 тамызға дейін өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

27 тамызда конкурстық комиссияның отырысы негізінде жатақханадағы орындарды бөледі.

31 тамыздан бастап жатақханаға орналасу жүзеге асырылады.

Көрсетілген күні (объективті себептермен) қоныстануға келе алмайтын білім алушылар студенттерге қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі – СҚКО) қоныстануды басқа күнге ауыстыра алады.

Жатақханаға орналасу алгоритмі

Жатақханада орын беруге өтініштерді қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, 29 тамызда өтеді.

Жатақханаға  қоныстану 31 тамызда жүзеге асырылады.

Көрсетілген күні (объективті себептермен) қоныстануға келе алмайтын студенттер Студенттерге қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі – СҚКО) қоныстанудың өзге күнін келісуге міндетті.

ЖАТАҚХАНАҒА ӨТІНІШ БЕРУ АЛГОРИТМІ

1-қадам – Жатақханадан орын алғысы келетін білім алушы ҚАЕУ сайтында https://kafu.edu.kz/ өтінім беруі тиіс. 

2-қадам – Басты бетте “Білім алушылар” > “Жатақхана”> “Өтінім беру” қойындысын ашып, қажетті деректерді толтырып, “Жіберу” қажет. Өтінім дұрыс толтырылмаған немесе жеткіліксіз болған кезде өтінім қабылданбауы мүмкін. Өскемен қаласында тіркелген білім алушыларға жатақханада орын берілмейді.

ЖАТАҚХАНАҒА ҚОНЫСТАНУ АЛГОРИТМІ

Жатақханаға орын берілгенін растайтын электрондық хабарлама алған кезде:

1-қадам  -Қажетті құжаттар тізбесін дайындау:

  • жеке куәліктің көшірмесі
  • оқу орнынан анықтама
  • ҚАЕУ медициналық пунктінің эпидемиологиялық орта туралы анықтамасы және 075-У нысанындағы медициналық анықтаманың көшірмесі
  • 3 * 4 фотосурет (1 дана)

2-қадам – Жатақханаға орналасуға жолдама алу үшін СҚКО-на (ҚАЕУ бас ғимараты, Горький көшесі, 76) жүгіну.

3-қадам – Құжаттар жиынтығымен және  жолдамамен Шәкәрім даңғылы, 160 мекенжайындағы жатақханаға жүгіну және қоныстану. Қоныстанған сәттен бастап тұру ақысын есептеу басталады. Қоныстанбаған жағдайда, СҚКО-ға жүгіну және тұру ақысын есептеуді тоқтату үшін жолдаманы тапсыру қажет.4-қадам – Қоныстандыру туралы бұйрық шыққаннан кейін тұру ақысын төлеу керек (ҚАЕУ кассасында, Горький к-сі, 76, 103 каб.). Төлем туралы түбіртекті жатақхана директорына көрсетіп, тұру туралы шарт жасасу қажет.