“Бриг” жекеменшік бизнес -мектебінің білім алушыларының құқықтық мәдениетін арттыру
2023 жылғы 20 сәуірде Өскемен қаласының “Бриг” жеке бизнес-мектебінде білім алушылардың ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль Савелий Александровичпен және Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Құрмышева Сәуле Бырлыққызымен кездесуі өтті.
Спикерлер білім алушылардың назарын құқықтық мәдениеттің түсінігіне, мазмұнына және оның адам мен қоғам өміріндегі маңыздылығына аударды. Оқушылар арасында қорқытудың (буллинг) алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Оқушыларға буллинг үшін заңды жауапкершілік шаралары туралы айтылды.
ШҚО полиция Департаментіне және ШҚО ПД кадр саясаты басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Қарлығаш Айварқызы Жүсіповаға белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы






