Дәстүрді жалғастыру

2022 жылғы 18 және 25 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде  кезекті рет сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі Кэтлин Хайдтың (Портленд қ., Орегон штаты, АҚШ) семинарлары өтті. Семинарлар жалпы білім беретін мектептердің кіші және орта буындарында жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған. «Creative ideas for teaching English to primary school students» семинары көптеген интерактивті тапсырмаларды қамтыды, оларды орындай отырып, оқушылар оқу процесінің белсенді қатысушыларына айналады және оқу материалын тез меңгереді. «Fun ways to encourage speaking in the middle school English classroom» семинары шетел тілін үйренудің негізгі мақсаты болып табылатын білім алушыларды қарым-қатынас процесіне тарту техникасын жетілдіруге бағытталған.

Семинарлар жыл сайынғы тәжірибе алмасу дәстүрінің жалғасы болды және қатысушылардың тағы да жоғары бағасына ие болды. Әріптестерімізге қатысқаны үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Шетел тілдері кафедрасы