«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша колледж түлектеріне арналған «Ашық есік күні»

2024 жылдың 1 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша колледж түлектері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Негізгі іс-шара басталғанға дейін талапкерлер ҚАЕУ-дің спорттық өмірі туралы фильм көруге және оқу корпусына экскурсия жасауға мүмкіндік алды.

Ашық есік күні қатысушыларға университетпен танысуға, университеттің құрылу тарихын білуге және студенттік өмір атмосферасына енуге тамаша мүмкіндік берді. 

Бірінші вице-президент Ж.Е.Байкенов құттықтау сөз сөйлеп, университеттің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты. 

Қабылдау және маркетинг бөлімінің басшысы А.Б.Бердібеков талапкерлерді қабылдау ережелерімен таныстырса, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі А.Н.Нурланова оқу үрдісі туралы айтып берді.

Іс-шараның келесі бөлімі абитуриенттердің сұрақтарына арналды.

Педагогика және психология кафедрасы