Экологиялық сауаттылық бойынша қонақ дәрісі

2023 жылғы 8 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының білім алушылары үшін, сондай-ақ «№ 39 Орта мектеп» КММ 10 сынып оқушылары үшін «Ресурс үнемдеу» және «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәндері шеңберінде «Экодағдылар» тақырыбында экологиялық сауаттылық бойынша қонақ дәрісі өткізілді.

Қонақ дәрісінің модераторлары: кафедраның аға оқытушылары Богородская О. Г. және Лейман О. Б. сөз сөйледі.

Шақырылған лектор ретінде Өскемен қаласы мен Бұқтырма кентінде ондаған сенбіліктер ұйымдастырған және өткізген экобелсенді, экоблогер, сегіз жылдық еңбек өтілі бар ерікті, «ТеорияМалыхДел» қозғалысының ұйымдастырушысы Евженкова Людмила Валерьевна сөз сөйледі.

Дәріскер әрқайсымызда экологиялық әдеттерді тәрбиелеудің өзектілігі, қоқыстарды сұрыптау, шикізатты қайта өңдеу туралы айтып берді, күнделікті өмірде қолданатын заттарды қоршаған әлем үшін экологиялық және қауіпсіз заттармен алмастыру мүмкіндігін айқын көрсетті.

Людмила Валерьевна шағын бизнесте «жасыл» технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіріп, бизнес-жобалар үшін креативті идеяларды ұсынды.

Қонақ дәрісі  ақ пейілді ахуалда өтті және өзара қызығушылық тудырды. Біз Людмила Валерьевнаға  сұхбат үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Бизнес кафедрасы