Warning: Attempt to read property "term_id" on bool in /sites/wpnew.kafu.kz/wp-content/themes/kafu/functions.php on line 702
«Эссе жазудың тиімді жолдары» атты семинар өтті - Қазақстан-Американдық еркін университеті
Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Эссе жазудың тиімді жолдары» атты семинар өтті


2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған Қазақ тілі мен әдебиетінен IX аймақтық олимпиада» өткізді. Аймақтық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға Ұлан, Тарбағатай, Катон-Қарағай, Зайсан аудандары және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 95 оқушы қатысты.   «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін […]


2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған Қазақ тілі мен әдебиетінен IX аймақтық олимпиада» өткізді. Аймақтық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға Ұлан, Тарбағатай, Катон-Қарағай, Зайсан аудандары және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 95 оқушы қатысты.  

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қазақстан-Американдық еркін университетінің арасындағы тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде ЖОО сұранысы бойынша олимпиада қатысушыларын даярлаған жетекшілері үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын «Эссе жазудың тиімді жолдары» атты семинар өткізілді. 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Құрманова Жұпар Сақанқызы мектеп мұғалімдерімен білім саласы мен біліктілікті арттыру бойынша жаңалықтармен бөлісіп, университет әкімшілігіне алғысын білдірді.

Семинар спикерлері «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Қабыкенқызы мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиетінен жоғары санатты мұғалім Ибатаева Индира Айтахметовна эссе жазудағы тәжірибесімен бөлісті және қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мәселені өзара талқылады. 

Семинарға қатысушыларға «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚАЕУ-дің әріптестігін дәлелдейтін арнайы сертификат табыс етілді. 

Педагогика және психология кафедрасы