Инабаттылық сағаты

2023 жылғы 21 қыркүйекте студенттер мен педагогикалық ұжым үшін “Инабаттылық сағаты” акциясы аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің офицері Г.А.Бекбаева Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелерін, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасы шеңберінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту туралы, қабылданып жатқан күрес шаралары туралы түсіндірмелермен дәріс өткізді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ҚАЕУ комплаенс-офицері Е.М.Жүнісбеков университеттің комплаенс-қызметінің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы сөз сөйлеп, студенттерді қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен және ағымдағы оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік ролик көрсетілді.