Кәсіпкерлік бойынша қонақ дәрісі
2023 жылғы 18 қазанда бизнес кафедрасының білім алушылары жеке кәсіпкерлікке арналған қонақ дәрісіне қатысты.
Спикер ретінде бизнес кафедрасының «Менеджмент» ББ түлегі, түрлі салаларда жұмыс істейтін жеке кәсіпкер Мәулетқанов Арман сөз сөйледі.
Жеке кәсіпкерлік — бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі.
Қонақ дәрісі барысында Арман өз бизнесін қалай дұрыс ашып, одан әрі дамыту керектігін айтты. Қандай гранттар берілетіні, қаржыландыру көздерін қайдан табуға болатындығы және т. б. туралы ақпаратпен бөлісті.
Қонақ дәрісінің соңында тыңдаушылар спикерге алған ақпараты үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.
Бизнес кафедрасы