«Кавказ» ансамблінің көркемөнер жетекшісі Жамал Әскеровтің КАСУ студенттерімен кездесуі

2023 жылдың 7 қарашасында «Кавказ» ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты, университетіміздің түлегі Жамал Әскеровтің студенттермен кездесуі өтті. Қонағымыз білім алушыларға өздерінің Қазақстанға келуі, әзірбайжан мәдениеті, ҚАЕУ-де  оқыған жылдары,«Кавказ» ансамблі,  отбасының болашаққа арналған кәсіби жоспарлары туралы айтып берді.

Студенттер Жамал Әскеровке шығармашылық қабілеттерін қалай дамыту керектігі, оның хоббиі мен әуестігі туралы сұрақтар қойды.

Кездесу соңында құрметті қонағымыз жастарға қалай табысты болуға болатыны туралы кеңес беріп, жылы қабылдағаны үшін ҚАЕУ-ге алғысын білдірді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы