«Kazzinc» ЖШС серіктестері – ҚАЕУ қонақтары

Көшбасшылық академиясына Grit компаниясының негізін қалаушы Джереми Браун келді. Компания 2014 жылы Австралияның Брисбен қаласында құрылды 2018 компанияның бас кеңсесі Сингапурға көшті.

Компания тау-кен байыту, құрылыс, металлургия және басқа да салалардағы түрлі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға көшбасшылық және персоналмен жұмыс саласында консалтингтік қызметтер көрсетумен айналысады.

Жоғары оқу орнының қонағы өз компаниясының жұмысының мақсаты – кәсіпорын басшылығына неғұрлым тиімді нәтижелер мен әрбір қызметкердің және жалпы команданың жеке өсуі үшін жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздеуде көмек көрсету туралы айтып берді. Джереми және оның әріптестері кәсіпорынның әрбір қызметкерінің компанияның тұрақты дамуы, жұмыс орнындағы, үйдегі және айналасындағы әлемдегі адамдардың өмірін жақсарту үшін өз әлеуетін барынша арттыруға мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізуге мүдделі.