Кезекті кәсіптік бағдар беру кездесуі

2023 жылғы 12 мамырда ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Нұржан Мұхамеджанұлы Жүніспеков пен Савелий Александрович Мужчиль Шығыс Қазақстан облысының «Математика, физика, ақпараттану саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің» білім алушыларымен кездесу өткізді.

С.А. Мужчиль Қазақстан-Американдық еркін университеті, оның білім беру бағдарламалары, университетке түсу рәсімі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол білім алушылармен Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы әңгімелеп, олардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша әңгіме жүргізді.

Н.М. Жүніспеков ҚАЕУ Жоғары колледжіне түсу рәсімі және оның дайындық бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Нұрхан Мұхамеджанұлы білім алушылар үшін зияткерлік викторина өткізді, оның жеңімпазы Расул Сәбитов болды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы