Композитор, музыкант және жазушы Томас Томасовпен кездесу

2023 жылғы 9 қарашада ҚАЕУ студенттері мен ПОҚ, композитор, музыкант және жазушы, «Перекресток» қазақстандық сериалына саундтрек авторы Томас Томасовпен онлайн-кездесу өткізді.

Біздің қонағымыз өзінің отбасы, музыкалық қалауы, сүйікті кітаптары, атақты музыканттармен кездесулері, 20 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында экранға шыққан алғашқы Қазақстандық «Перекресток» сериалының құрылу тарихы туралы айтып берді.

Кездесуге ҚАЕУ-мен өзара түсіністік туралы Меморандум аясында Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенттері мен ПОҚ қатысқанын атап өткен жөн.

Біздің қымбатты қонағымызға көптеген сұрақтар қойылды және ол бәріне өте қызықты жауап берді.

Құрметті Томас Томасовқа Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы