Лудомания: іштен  көзғарас

Бүгінгі таңда лудомания – бұл қоғамның дерті, әсіресе жастар арасында. Қаржы пирамидалары, спорттық ставкалар, ойын автоматтары – қазіргі әлемде, өкінішке орай, азғырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Ойынға тәуелділіктің рұқсат етілген үрдістеріне қалай қарсы тұруға болады, қаржы пирамидасының желісіне қалай кірмеуге болады және тәуелділікке түскен адамға қалай көмектесуге болады – осы және басқа да сұрақтарға ҚАЕУ студенттерімен және оқытушыларымен түсіндіру кездесуі аясында 2024 жылғы 29 ақпанда ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің арнайы өкілі Әшімхан Гаухар Қамбарқызы жауап берді. Іс-шараға ШҚО әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі өкілі Асқаров Ермек те қатысты.

Жұртшылықпен байланыс орталығы