Магистранттар үшін ТМЮ-де қонақ дәрісі

2024 жылғы 20 ақпанда «құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, 2 курс докторанты Е. М. Жүніспеков ғылыми тағылымдама аясында Ташкент мемлекеттік заң университетінде (Ташкент қ.) «Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» тақырыбында «Құқықтану»мамандығының магистранттары үшін қонақ дәріс өткізді.

Магистранттар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық институттары, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, кәсіпкерлік қызметпен айналысудың және кәсіпкерлік және экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздері туралы білуге қызығушылық танытты.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы