Warning: Attempt to read property "term_id" on bool in /sites/wpnew.kafu.kz/wp-content/themes/kafu/functions.php on line 702
Маркетингтен IV Халықаралық қашықтықтан олимпиада - Қазақстан-Американдық еркін университеті
Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

Маркетингтен IV Халықаралық қашықтықтан олимпиада


2023 жылғы 10 наурызда маркетинг саласындағы IV халықаралық қашықтықтан олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы және Цифрлық экономиканы зерттеу институты болды. Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 7 команда қатысты. ІV Халықаралық қашықтықтан олимпиаданы өткізудің мақсаты мамандарды даярлау сапасын арттыру, шығармашылық әлеуетті, креативтілікті дамыту, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты […]


2023 жылғы 10 наурызда маркетинг саласындағы IV халықаралық қашықтықтан олимпиаданың қорытындысы шығарылды.

Ұйымдастырушылар академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы және Цифрлық экономиканы зерттеу институты болды. Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 7 команда қатысты.

ІV Халықаралық қашықтықтан олимпиаданы өткізудің мақсаты мамандарды даярлау сапасын арттыру, шығармашылық әлеуетті, креативтілікті дамыту, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты ынталандыру болды.

Олимпиадаға қатысу үшін командаларға I турға ambient-науқанын дайындау, II турға отандық брендтер үшін бейне форматында геймификация идеяларын әзірлеу қажет болды.

Қатысушылар тапсырмаларды орындауға ерекше қарады, жұмыстың айрықша ерекшелігі тәжірибеге бағытталған тәсіл болды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес жалпы командалық 3 орын алған – Қазақстан – Американдық еркін университетінің «Promotion Team» мына құрамдағы студенттер командасы: Ковалева Снежана Михайловна, «Маркетинг және PR-менеджмент» ББ 1 курс білім алушысы, Костина Дарья Дмитриевна, «Маркетинг және PR – менеджмент» ББ 1 курс білім алушысы, Айдарқанова Альбина Мұратқызы, «Туризм» ББ 3 курс білім алушысы.

Ғылыми жетекшілері – бизнес кафедрасының аға оқытушылары Айтқазина Мадина Маратқызы, Қалиева Арайлым Ерікқызы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға табыс тілейміз!

Бизнес кафедрасы