Мерейтой иесін құттықтау
2024 жылғы 6 ақпанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бас ғимаратында тарих ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті Иван Аникеевич Полтараниннің сексен бес жылдық мерейтойына байланысты қызметкерлері, түлектері және қазіргі білім алып жатқан студенттері мерейтой иесіне құрмет көрсетті.
Тамаша оқытушы, білім беруді ұйымдастырушы, тарих-педагогика факультетінің жұртшылық құрметтейтін деканы, ғалым, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, студенттер мен оқытушылар үшін сөзсіз беделді, өзі оқитын оқу курстарының барлық орасан зор материалдарын жақсы білетін терең талдаушы. Ғылыми кеңес алу үшін оған студенттер ғана емес, әріптестер де жүгінеді. Ақылды, мейірімді, жанашыр адам, тамаша отағасы — ол айналасындағылардың сенімі мен құрметіне ие болды. ӨКПИ түлектерінің
бірі Иван Аникеевич туралы естеліктерінде жазғандай – «Оның қасиеті, барлық жағынан-толғымен жүз пайыз».
Мерейтой иесін құттықтауға қаланың әкімшілік құрылымдарының өкілдері, өзі жұмыс істеген жоғары оқу орындарының түлектері келді. Иван Аникеевичті Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев шын жүректен құттықтады. И.А.Полторанинге ұзақ шығармашылық жылдар, денсаулық, амандық тілеген оқытушылар мен түлектер өз қошеметтерін көрсетті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы