Неміс тілінен өңірлік олимпиада

2024 жылғы 4 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында Гете-Институттың қолдауымен неміс тілінен өңірлік олимпиада өтті. Олимпиадаға 14-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Олимпиаданың жеңімпазы Өскемен қаласының НЗМ оқушысы, он алты жасар Снегирев Данил болды.

30 наурызда Даниил Алматы қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады. Республикалық олимпиаданың жеңімпазына шілде айында Германияда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысу  сәті түсті.

Шет тілдері кафедрасы