Нюрнберг Техникалық Университетінде «Халықаралық Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурс

Қымбатты студенттер, біз сіздерге Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Нюрнберг Техникалық Университеті (Нюрнберг, Германия) арасындағы академиялық ұтқырлық туралы шарт шеңберінде 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде «Халықаралық Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға 3 орын ұсынылатынын қуана хабарлаймыз. (2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың ақпанына дейін)

Шарттар:

* 1-3 курс бакалавриат студенттері.

* Ағылшын тілін В2 және одан жоғары деңгейде білу

* 5000 еуро сомасында  шоттың болуы (өз есебінен ұшу, тұру және тамақтану)

Қажетті құжаттар:

1. Транскрипт (қолтаңбалары мен мөрлері бар)

2. ұсыныс хаттар 1-2 дана

3. тілді білу сертификаты

4. толтырылған сауалнама (306 кабинеттен алуға болады)

5. Төлқұжаттың көшірмесі (бар болса)

6. жеке куәліктің көшірмесі

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

31.03.2024 жылға дейін
Барлық сұрақтар бойынша +77772657739 телефоны немесе ҚАЕУ халықаралық бөліміне (306 каб) хабарласуға болады