Өнер училищесінде С.А. Мужчилдің қонақ дәрісі

2023 жылғы 29 наурызда халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчил Савелий Александровичтің «Адам құқықтары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Баяндамашы білім алушыларға адам құқықтары ұғымы, олардың түрлері, құқықтары мен міндеттерінің айырмашылығы туралы айтып берді. Сонымен қатар, С.А. Мужчил құқық негіздері бойынша зияткерлік викторина өткізді.

Осылайша, ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жұмысты жалғастырды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы