«Өрлеуге» 75 жыл

Қазақстан-Американдық еркін университетінің әкімшілігі 2023 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік даму институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының профессор-оқытушылар құрамын 75 жылдығымен құттықтады.

Өрлеу өзінің 75 жылдық мерейтойына білім беру саласында жетекші рөл атқаратын ірі институттардың бірі ретінде келді.

Институттың құрылу тарихы 1948 жылдан бастап Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының тарихымен және білім беру жүйесімен тығыз байланысты.

Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде педагогтердің шеберлігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіптік даму институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ білім беру жүйесін дамытуға тиімді үлес қосуға қабілетті педагог кадрларды ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық  тәжірибеге негізделген даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады, білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асырады, өңірде заманауи мұғалімнің кәсіби мәдениетін қалыптастыру және дамытудың интегративті шарт ретінде мәдени-білім беру, ақпараттық ортаны құрады.

Институт өткізетін ғылыми – тәжірибелік конференциялар, семинарлар, білім берудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер де педагогтардың кәсібилігінің өсуіне ықпал етеді. Институт үздіксіз білім берудің көпвекторлы жүйесін іске асыру жөніндегі ресурстық орталыққа айналды.

Іс-шараға екі экс-директор қатысты: Г.В.Протасова және С.З.Байхонова – педагогикалық еңбек ардагерлері, серіктестер, қазіргі уақытта білім беру мекемелерінің директорлары.

Бүгін ҚАЕУ және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіптік даму институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, қолдау нысандарын іске асыру үшін серіктестікте жаңа қырын табуда.

Филиал директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманованың белсенділік тәсілінің арқасында институтты дамытуда ҚАЕУ– мен бірлесіп, басты бағыт – педагогтың кәсіби және табысты дамуын қамтамасыз ете отырып, серіктестіктің жаңа бағыты құрылуда.

Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру ісінде шығармашылық табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер және одан әрі жеңістер тілейміз!

Жұртшылықпен байланыс орталығы