Өскемендегі IT -Хабтағы мектеп оқушыларының кездесуі

2023 жылғы 22 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының аға оқытушысы Руслан Қайратұлы Четтікбаевтың басшылығымен «Ы.Алтынсарин атындағы № 39 орта мектеп» КММ түлектерінің кездесуі өтті.  Дидар Мұратұлының жетекшілігімен Өскемен IT-Хаб базасында өткізілген «Виртуалды және толықтырылған   шынайылылықты қолдану» тақырыбындағы іс-шара білім беру мекемелері мен ақпараттық технологиялар индустриясы арасындағы ынтымақтастықтың үлгісі болды.

ҚАЕУ және «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп» КММ бейіндік сыныптар жобасының оқушылары үшін арнайы әзірленген жоба шеңберінде, оқушылар виртуалды және толықтырылған шынайылылық әлеміне енудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. Кездесу соңғы технологиялық әзірлемелерді пайдалана отырып жасалған инновациялық жобаларды көрсетуді, соның ішінде О.Бөкей атындағы кітапхананың ақпараттық бөлімімен бірлесіп әзірленген  тәжірибелік жобаларды көрсетуді қамтыды. Кітапхана қызметкерлері кездесуді өткізу үшін техникалық инфрақұрылымды ұсына отырып, жобаны белсенді қолдады.

Бұл жоба жас ұрпақ арасында заманауи технологияларға деген қызығушылықты дамытуға және оларды цифрлық дәуірдің болашақ сын-қатерлеріне дайындауға бағытталған.

Жұртшылықпен байланыс орталығы