«Орталық Азия халықтарының достығы мен бауырластығы» зияткерлік викторинасы

2023 жылғы 30 наурызда ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасында «Орталық Азия халықтарының достығы мен бауырластығы» тақырыбында зияткерлік викторина өтті.

Іс – шараға «Алыптар» (Арман Уалхан, Шыңғыс Сарқытбеков, Камилла Скакова және Алексей Хорев) және «Солнышки» (Милана Мовилян, Ұлан Ерназаров, Ангелина Хорева және Дарья Кучина) студенттердің 2 командасы қатысты. Екі команда да викторинаның көптеген сұрақтарына дұрыс жауап берді. «Алыптар» командасы 1 ұпаймен жеңіске жетті.

Ұтылғандар болмаған зияткерлік викторинаның жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы