Орыс тілі бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары – 2022

«Кушак» және «криница» сөздері нені білдіреді, «на побегушках» және «надвое» үстеулері қалай дұрыс жазылады, сын есімнің разрядын анықтау, тыныс белгілерін енгізу – осы және басқа сұрақтарға «Эрудит» Ғылыми-білім беру орталығының порталында (Саратов, Ресей) 2022 жылдың қарашасында өткізілген орыс тілінен халықаралық олимпиадаға қатысушылар жауап берді.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері олимпиадаға келесі нәтижелермен қатысты:

Бакиева Сабина (ТжКБ базасында 3 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)

Демьянова Инесса (4 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)

Дүзбаева Алина (ТжКБ базасында 3 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)

Халықаралық олимпиаданың қорытындыларымен мына мекен-жай бойынша танысуға болады http://erudyt.ru/results/rezultaty-2022-2023.html.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы