Педагогтердің білімін бағалау нәтижелері – 2023 бойынша жоғары баға

Қазақстан-Американдық еркін университеті педагогикалық білім беру бағдарламалары түлектерінің білім сапасы бойынша Қазақстан Республикасының 68 жоғары оқу орындарының арасында 10 – орынға ие болып, педагогтердің білімін бағалау-біліктілік тестілеуін тапсыру нәтижелері бойынша көшбасшылар қатарына енді!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың барлық түлектері біліктілік тестілеу – педагогтердің білімін бағалау арқылы өздерінің білім деңгейлерін растауға міндетті.

ҚАЕУ тағы да түлектерді даярлау сапасын растады!

ҚАЕУ әкімшілігі профессор-оқытушылар құрамы мен университет ұжымына мамандарды даярлау сапасы үшін алғыс білдіреді.

Жұртшылықпен  байланыс орталығы