Профессор Кристиан Браувайлердің «Internationalization of Universities exemplified at WHZ Zwickau University of Applied Sciences»атты қонақ дәрісі

«Халықаралық  серіктестік: жаһандық сын-қатерлер  жағдайындағы білім мен  ғылымның әлеуеті» халықаралық ғылыми Конгресі шеңберінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің  мәжіліс залында профессор Кристиан Браувайлердің (PhD) «Цвиккау қолданбалы ғылымдарының Батыс-Саксон университеті үлгісінде университеттерді интернационалдандыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

 Қонақ дәрісіне бизнес кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары қатысты. К. Браувайлер қазіргі әлемде білім беру және ғылыми саясатта қандай өзгерістер болып жатқанын айтып берді, сондай-ақ университеттер мен мүдделі тараптардың ішінде келісілуі тиіс интернационалдандыру бойынша жұмыстың мақсаттарын атады. Профессор Цвиккау қ.  Батыс Саксон  қолданбалы ғылымдар университетінің серіктес университеттермен халықаралық ынтымақтастықты жоспарлы түрде кеңейту, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша зерттеу және білім беру желілеріне интеграциялау саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Қонақ дәрісінің соңында тыңдаушылар К.Браувайлерге алынған ақпарат үшін алғыс білдіріп, қызықтырған мәселелерді талқылады.