ҚАЕУ  студенттері хоккейден әлем чемпионатын жеңіп алды

 Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Канильода (Андорра) өтіп жатқан екінші дивизионда, Әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.

Әйелдер хоккейінде Испания мен Қазақстан арасындағы финалда Қазақстан командасы 5:3 есебімен жеңіске жетіп, құрама қоржынына алтын әкелді.

Команда құрамында 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Саяхатқызы Дильназ және Саяхатқызы Мунира ойнады.

Спортшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа, жарқын, жетістіктер  тілейміз.

Педагогика және психология кафедрасы