ҚАЕУ жас ғалымдарының XIV Халықаралық форумының пленарлық отырысы
Сәуірдің 12-сі Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне орай Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Қазіргі заманғы ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты XIV Халықаралық жас ғалымдар форумының пленарлық отырысы өтті. Бұл қазақстандық ғылыми қоғамдастық үшін осы атаулы датаға арналған Форум іс-шаралары сериясының негізгі оқиғасы болды.
ҚАЕУ-де 14 жылдан бері жас ғалымдардың Халықаралық форумы өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол жас ғалымдар үздік ғылыми еңбектерін ұсынатын әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы ғылыми алаң ғана емес, сонымен қатар жыл сайын шетелдік ғылыми топ өкілдері қатысатын халықаралық ауқымдағы шараға айналды.
Форумның пленарлық отырыстарында өзекті ғылыми мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Биылғы жылы университеттің жас ғалымдары жасанды интеллект саласындағы жаңа, белсенді дамып келе жатқан зерттеулер саласын қамтитын басым тақырыптар бойынша бірқатар тақырыптық баяндамалар жасады. Атап айтқанда, пленарлық отырысқа қатысушылардың назары оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану мәселесіне аударылды.
Пленарлық отырысқа ҚАЕУ президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйледі. Ол қазіргі заманда жасанды интеллекттің өмірдің барлық салаларына ауқымды әсері бүгіннің өзінде даусыз екенін атап өтті. Сондықтан ЖИ-ні әртүрлі салаларда, соның ішінде білім мен ғылымда қолдану тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады.
Пленарлық мәжілісте ұсынылған осы тақырып бойынша баяндамалар оған қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, ең бастысы, жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен мәселелерін анықтауға және оларды пайдалану келешегін бағалауға мүмкіндік берді.
«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Амалия Бубнова мен Дарья Спрягайло оқытуда ЖИ қолданудың мүмкіндіктері туралы айтты. «Филологиядағы жасанды интеллект» тақырыбы бойынша баяндама аға оқытушы Н.А.Мошенскаяның жетекшілігімен дайындалды.
«Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенті Елшібаев Алдияр «Ағылшын тілі сабағында оқу мен жазуды үйретуде жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, ЖИ-нің оқу тиімділігіне, нәтижелерді жақсарту және оқушылардың ынтасын арттыруға әсерін атап көрсетті. Ғылыми жетекшісі – Новицкая Ю.В.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Федотов Даниил аға оқытушы Трофимова Ю.В. жетекшілігімен «Студенттердің ғылыми жұмыстарды жазу кезінде ЖИ қолдануы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама дайындап, ұсынды.
Цифрлық құралдарды пайдалану жұмыс үдерісін, тапсырмаларды орындауды жеңілдетеді және әртүрлі салалардағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады. Бұл еңбек нарығында әйелдерге тең мүмкіндіктер жасауға көмектеседі. Бұл мәселеге ҚАЕУ докторанты Мубараков Эльдардың «Еңбек қатынастары саласындағы цифрлық технологиялардың интеграциясы: Қазақстандағы гендерлік теңдікке жол» тақырыбындағы баяндамасы арналды, ғылыми жетекшісі Бордиану И.В.
Ташкент мемлекеттік заң университеті докторанты Жавлиева Гуллола «The legal basis of teleworking in the context of digitization» тақырыбындағы баяндамасында қашықтан жұмыс істеудің артықшылықтары және еңбек процесінің осы түріне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздері талдады.
«Құқық және құқық қорғау органдары» білім беру бағдарламасының студенті Уалхан Арман ғылыми-зерттеу жұмысында киберқылмыс ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде және онымен күресудің тиімді әдістеріне кеңінен тоқталды. Ғылыми жетекшісі – Гаврилова Ю.А.
Заң мәтіндерін дәл және жылдам аудару үшін ЖИ қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін «Жасанды интеллект арқылы заң мәтіндерін аудару» тақырыбындағы баяндамасында Аяна Еңсебаева қарастырды, «Аударма ісі» мамандығы, ғылыми жетекшісі – Смагина А.В.
Пленарлық отырыста баяндама жасаған жас ғалымдарға ҚАЕУ президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің қорынан дипломдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Пленарлық отырыстан кейін Цвикау, Германия, Қолданбалы ғылымдар университетінің өнер магистрі Штефан Ноак «Жасанды интеллектті ғылымда қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы