ҚАЕУ- «DEMEY»: психолог- студенттердің  тәжірибелік жұмысы

2023 жылғы 27 қазанда «Психология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Катанова Елизавета Темірбекқызының жетекшілігімен «DEMEY» оңалту және түзету орталығында аудиториядан тыс сабақ өткізді.

Студенттер алған теориялық білімдерін «Психофизиология» пәні бойынша  тәжірибеде бекіте алды. Олар психологиялық әдістерді қолданды, моториканы жақсартуға арналған тренингтер мен ойындар өткізді. Осылайша, студенттер психологтың ерекше балалармен  тәжірибелік жұмысының мәнін көрді.

ҚАЕУ білім алушылары өз сапары аясында ата-аналар мен балаларды қолдады, ата-аналардың  уәждерінарттырды, тренинг аясында үйде орындауға болатын психофизиологиялық жаттығуларды көрсетті.

«DEMEY» оңалту орталығының әкімшілігі, ата-аналар мен балалар ҚАЕУ-нің жас мамандарынан психологиялық көмек алып, жақсы әсер қалдырды.

Педагогика және психология кафедрасы