ҚАЕУ мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми ынтымақтастығы

2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Ю. А. Гаврилова «Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбындағы заңгерлердің «Ашық алаң» онлайн-диалогына қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Баймолдина Зәуреш Хамитқызы алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру проблемасының өзектілігін ерекше атап өтіп, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қаржы мониторингі агенттігінің превенция және талдамалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары А.В.Давыдов пен аға жедел уәкіл Қ.Ш.Байқуатова қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тәжірибесімен бөлісіп, анықтау және тергеу мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, Астана қаласы Полиция департаментінің, Байқоңыр қаласы прокуратурасының  тәжірибелік қызметкерлері алаяқтық пен қаржы пирамидаларының жолын кесу мәселелерін көтерді.

Онлайн-диалогқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ Университетінің Жоғары құқық мектебінің ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шараның модераторы, сот төрелігі Академиясының қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының директоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А.Биебаева пікірталасты қорытындылады және алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бөлігінде заң шығарушыға нақты ұсынымдар ұсынды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы