ҚАЕУ мен Resource Exchange International (АҚШ) қоғамдық ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі

2023 жылғы 19 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ мен Колорадо-Спрингс  қ., Колорадо штаты, АҚШ, Resource Exchange International (REI) қоғамдық ұйымы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚАЕУ тарапынан – ректор, PhD докторы, Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлы, халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниел Белласт қатысты. Resource Exchange International атынан ҚБ директоры, PhD докторы, саясаттану профессоры Рональд Уайли қатысты.

Бұл маңызды қадам ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Меморандумға сәйкес, REI ұйымы қызықты сабақтар мен дәрістер оқу үшін тәжірибелі оқытушылар мен мамандарды ҚАЕУ-ге жібереді. Бұл ынтымақтастық АҚШ пен Қазақстан арасындағы білім алмасуға және байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы