ҚАЕУ мен Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы арасында стратегиялық серіктестік туралы Шарт жасалды

2023 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен ҚАЕУ арасында стратегиялық серіктестік туралы Шартқа қол қою рәсімі өтті. Осы Шарттың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын дамыту  мен даярлау және сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндігін кеңейту бойынша ынтымақтастық болып табылады.

ҚАЕУ-ден жасалған бұл шартқа бірінші вице-президент Жасұлан Ерболұлы Байкенов қол қойды, ал ШҚО ТЖК өңірлік палатасынан осы палата басшысының м.а. Дәурен Тоқтарбекұлы Мырзағалиев қол қойды.

Сонымен қатар, тараптар кәсіптік іс-тәжірибе, Заңтану, құқық және құқық қорғау қызметі, құқық және кеден қызметі бағдарламалары бойынша ғылыми тағылымдама өткізу туралы Шарт жасасты.

Біздің университет пен Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының жемісті ынтымақтастығына үміттенеміз.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы