ҚАЕУ мен «Тұран-Астана» университетінің кезекті ынтымақтастығы
2023 жылдың 6 қаңтарында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А.Мужчиль елордалық «Тұран-Астана» университетінің жас оқытушыларына «Дуалды оқытудағы қонақ дәрістерінің рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «Тұран-Астана» университеті арасындағы білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Шарт негізінде өткізілді.
Баяндамашы ҚАЕУ-нің дуалды оқыту мен қонақтардың дәрістерін ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, іс-шараға ҚАЕУ түлегі, гитара оқытушысы Батырхан Мұқанов қатысып, музыкалық білім беруде дуалды оқытудың қолданылуы туралы айтты.
Тақырыпты талқылауға «Тұран-Астана» университетінің БҚО директоры С.Е. Нұрпейісов белсенді қатысып, дуалды оқытуды қолданудың шетелдік тәжірибесі туралы айтты.
Кездесу соңында спикерлер әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.
«Тұран-Астана» университетімен ынтымақтастығымыз жалғасып жатқанына қуаныштымыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы




