ҚАЕУ студенттерінің жаңа жеңістері

2023 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық соты «Медиация студенттік жобасы. Қазіргі тәжірибе, болашақтың келешегі» конкурсын өткізді.

Байқауға «Құқық» бағыты бойынша оқитын Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының білім алушылары жүлдегер атанды: Арман Уәлихан (2 курс) 2 орынды, ал Ильдар Ғабдуллин (4 курс) 3 орынды иеленді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Біз сендерді мақтан тұтамыз, балалар!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы