ҚАЕУ түлектерімен кездесу

2023 жылғы 24 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің шет тілдері кафедрасы 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің 2017 жылғы екі түлегі – Елтузерова Ғазиза және Сұнғатолда Гүлнафиспен кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты білім алушылардың оқитын мамандыққа қызығушылығын арттыру және шет тілдерін үйрену қажеттілігін түсіну болды. Біздің түлектер ҚАЕУ-де оқуы, Өскемен қаласының оқу ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі, кәсіптердің ауысуы туралы өз естеліктерімен бөлісті және шет тілдерін үйренудің маңыздылығына және кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде білім деңгейін арттыруға ерекше назар аударды.

2 курс студенттері әңгімеге белсенді қатысып, қонақтарымызға сұрақтар қойды.

Түлектерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз! Оларға алдағы уақытта  кәсіби табыстар тілейміз!

Шет тілдері кафедрасы