Қазақстан мен Қырғызстан: ҚАЕУ мен Ала-Тоо Халықаралық университетінің ынтымақтастығы
2023 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ала-Тоо Халықаралық университеті (Бішкек, Қырғызстан) арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум жасасу аясында Ала-Тоо Халықаралық университеті ректоры философия докторы Жылдызбек Жақшылықов және студенттер бөлімінің директоры Асқарбек Камчиев университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында перспективалы бағыттарды таныстырды.
ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі, Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы өзінің құттықтауында академиялық және ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, бұл меморандум университеттердің қазіргі әлем үшін жоғары білікті мамандар мен зерттеушілерді даярлауға ықпал ететін білім, озық әдістер мен тәжірибелермен белсенді алмасуға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ меморандумға қол қою кезінде ҚАЕУ-нің халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Бэлласт және ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Ермолұлы Байкенов сөз сөйлеп, жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
«Ала-Тоо » Халықаралық университеті — Ala — Too International University-1996 жылы құрылған Қырғызстандағы жекеменшік коммерциялық емес жоғары оқу орны.