Қазақстан университеттерінің жаңа буынының басшыларына арналған тренинг

2023 жылғы 22-24 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Қазақстан университеттерінің жаңа буынының басшыларына арналған тренинг»жобасы аясында семинар-тренинг өтті. Жобаны IHEEP қоғамдық бірлестігі, Қазақстан-Американдық еркін университеті және Мичиган мемлекеттік университеті (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен әзірлеп, іске асыруда. Жобаның мақсатты аудиториясы университеттерінің жоғары буынының басшылары болып табылады, ал оның мақсаты – тәжірибе алмасу, білім беру және қазіргі жағдайда жоғары оқу орнын басқару дағдыларын дамыту. Тренингке қатысушылар Өскеменге келгенге дейін жоғары білім берудегі көшбасшылық, жоғары оқу орындарының автономиясы мен академиялық еркіндігі, сапа және коммуникация мәселелеріне арналған бірқатар вебинарлардан өтті.

ҚАЕУ-де өткен семинар-тренингке Алматы, Астана, Семей, Тараз, Павлодар, Шымкент және Өскемен ЖОО-ның 25 ректоры мен проректорлары қатысты. Тренингке АҚШ Елшілігінің бағдарламалар мен жобалар үйлестірушісі Айдана Талғат та қатысты. Семинар бағдарламасы жоғары оқу орындарының жұмыс істеу және басқару үлгілерін, басқару шешімдерін қабылдау алгоритмдері мен әдістерін, көшбасшылық стильдерін және команданы қалыптастыру тәсілдерін талқылауды қамтыды. Семинар жоғары білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың, ҚАЕУ серіктестерінің – профессор Стивен Хейнеманның (Вандербильт университеті, АҚШ), профессор Брэндан Кантвеллдің, профессор Дуглас Хартманның (Мичиган мемлекеттік университеті, АҚШ) қатысуымен үлкен жетістікпен өтті. Сондай-ақ спикерлер ретінде Astana IT University ректорының м.а., С.М.Өмірбаев және халықаралық бағдарламалар мен байланыстар жөніндегі ҚАЕУ проректоры Д.Бэлласт (АҚШ) сөз сөйледі. Қазіргі уақытта жобаны ұйымдастырушылар тренингтің жалғасын әзірлеуде.

Жұртшылықпен байланыс орталығы