«Қазіргі заманның қаржысы 360°» халықаралық онлайн-олимпиадасы

2022 жылғы 30 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің мемлекеттік тілде оқытатын «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Дамирова Даяна, Айдарова Наргиз, Жұмабекова Аружан Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің 30 жылдығы аясында Ұлттық валюта күніне арналған «Қазіргі заманның қаржысы 360⁰» тақырыбындағы халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысты. Ғылыми жетекшісі бизнес кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы болды.

Олимпиада екі турдан тұрды:

  1. іріктеу, 60 секундқа созылатын эссе жазу және бейне түсіру болды;
  2. «Қаржы» пәні бойынша тесттерді шешу;
  3. финал «ХХІ ғасырдың қаржысы»жалпы тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының тұсаукесерін дайындаудан тұрды.

Біздің студенттер финалға дейін жетіп, Солтүстік Кавказ федералды университетіне (Ставрополь өлкесі), академик.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтына (Екібастұз қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не (Алматы қ.) жүлделі орындарды беріп қойды.

Бизнес кафедрасы