Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Дөңгелек үстел

2024 жылғы 28 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысының бірқатар нақты мәселелерін талқылау үшін Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ««Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы» ШҚО филиалы өткізді. Талқылау шеңберінде қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, экология және табиғатты пайдалану мәселелерін шешу жолдары ұсынылды.