ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ҚАЕУ-ге сапары

2023 жылдың 9- желтоқсанында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Американдық еркін университетінде болды. Сапар аясында ҚАЕУ Президенті, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Білім және ғылым министрі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайұлы Министрді ЖОО-ның материалдық-техникалық базасымен, негізгі халықаралық және ғылыми жобаларымен, инновациялық бағыттарымен және оларды ҚАЕУ-дің креативті хабтары мен зертханаларында іске асыру барысымен таныстырды. 

Министр ҚАЕУ-де халықаралық ынтымақтастық контексінде ғылым мен білім беруді жан-жақты дамытуға бағытталған жобалар мен инновациялардың іске асырылуына ерекше назар аударды: Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) «IT-менеджмент» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі екі дипломды білім беруді іске асырудың басталуы, сондай-ақ ҚАЕУ-дің халықаралық ынтымақтастықтағы университет ретіндегі тәжірибесінің молдығына ерекше мән берді. 

Саясат Нұрбек Министрліктің сапалы білім беретін жекеменшік жоғары оқу орындарын қолдайтынын және ҚАЕУ Шығыс Қазақстандағы осындай университет екендігін атап өтті.