Құқық оқытушыларының біліктілігін арттыру

2023 жылғы 5-7 маусым аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының құқық оқытушылары үшін «Германиядағы заңгерлік білім беру ұйымы. Заң казустарын шешу әдістемесі» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Бұл іс-шараны Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ Университетінің Неміс құқығы орталығымен, DAAD қаржылық қолдауымен Нархоз Университетімен бірлесіп өткізді.

Спикерлер Германиядан келген қонақтар: Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің Еңбек, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшысы, Г.Гейне атындағы PRUF университетінің доценті Евгений Соколов және заң фирмасының адвокаты, доктор Себастьян Росснер болды, олар Германияның жоғары оқу орындарындағы заң білімінің деңгейлері мен ерекшеліктері туралы айтып берді, сонымен қатар ГФР-да оқитын заң мамандықтарының студенттеріне  арнап тәжірибелік тапсырмаларды талдады.

Осы біліктілікті арттыру курсына ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушылары М.Н. Тәжиева мен С.А. Мужчиль қатысты.

Ұйымдастырушыларға пайдалы және қызықты іс-шара үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы