СҒҚ – 2023 Халықаралық мектебі

2023 жылдың 28 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Красноярск қаласында Сібір федералды университетінің базасында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Студенттік ғылыми қоғамы мен «Вернадский» Бүкілресейлік студенттер клубы ұйымдастырған Халықаралық мектеп өтті. Аталған іс-шараға 8 елдің өкілдері қатысты.

Мектеп бағдарламасында студенттік ғылыми қоғамдардың қызметін ұйымдастыру және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, студенттік ғылыми қоғамдар басшыларының жобалық қызметі, ғылыми-білім беру қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша қарқынды оқыту семинарлары мен тренингтері ұсынылды.

Бұл іс-шараға Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович қашықтықтан форматында қатысты. Әріптесіміз Халықаралық мектепті ұйымдастырудың жоғары деңгейін және ұсынылған баяндамалардың өзектілігін атап өтті.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы