ШҚО бойынша ҚАЖД өкілдерінің студенттермен кәсіби бағдар беру кездесуі

2023 жылғы 6 және 8 маусымда ҚАЕУ-нің кезекті қонақтары ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері: ҚАЖД бастығының ШҚО бойынша орынбасары Арман Катанов, кадр саясаты бөлімінің бастығы Дастан Жапалов және аға инспектор полиграфолог Мархабат Нұрмұхамбетова болды. Олар «Құқық» бағыты студенттеріне қызметке орналасу шарттары туралы айтып, түлектерді жұмысқа шақырды.

Бұл іс-шара ШҚО бойынша ҚАЖД мен ҚАЕУ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы Шарт шеңберінде өтті. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы