ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Ашық есік күні

2023 жылғы 15 қарашада «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден қызметі» ББ 2, 3 курс студенттері, «Құқықтану» ББ магистранттары Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер соттың, сот кеңсесінің және оның бөлімдерінің жұмысымен, сотта өндірістік  іс-тәжірибеден өту мүмкіндігімен және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібімен танысты, сондай-ақ сот отырысына көрермен ретінде қатысты.

ШҚО МАЭС басшылығына – сот Төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына, кеңсе меңгерушісі Рыбкина Алена Юрьевнаға қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы