Студенттердің «Мен-зерттеушімін» ғылыми жұмыстарының қашықтықтан ІV Республикалық байқауы

2023 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында Астана қаласында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының базасында студенттердің «Мен-зерттеушімін» ғылыми жұмыстарының қашықтықтан ІV республикалық байқауы өткізілді. Бұл  байқаудың негізгі мақсаты-жастардың теориялық және  тәжірибелік дайындығын тереңдету, олардың шығармашылық қызметін және заманауи ғылымның, техниканың, өндірістің талаптарын ескере отырып, білімдерін арттыруға ұмтылуын дамыту.

Байқау қорытындысы бойынша  «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Богородская Оксана Григорьевнаның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы ауыл туризмінің дамуы мен мемлекеттік реттелуін талдау» атты ғылыми жұмысын дайындаған  «Туризм» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Глушаков Артем Евгеньевич I орынды иемденді.

Бизнес кафедрасы