Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша семинар

2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша комплаенс-қызметтерге арналған семинар өткізді.

Департаменттің аға офицері Г.А. Бекбаева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы, «1424» Call-орталығының жұмысы туралы, парақорлық үшін жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы түсініктеме берді.

Университеттен семинарға ҚАЕУ комплаенс-офицері Жүніспеков Ермек Мұхамеджанұлы қатысты.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы