Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дәріс

2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, комплаенс-офицер Е.М.Жүніспеков Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында «Құқықтану» ББ 4 курс студенттерімен дәріс сабағын өткізді. Сабақ барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның негізгі ұғымдары қаралды, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізгі құрамдары, сыбайлас жемқорлықтың негізгі  ерекшеліктері мен белгілері, оның түрлері мен қоғамдағы теріс әсері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу тетіктерінің әдістері қаралды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы