Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу пен парасаттылық тақырыбында оқыту семинары

2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ЖОО қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы А.А.Бейсембаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында Архат Әбжатұлы Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу шаралары туралы айтты. Семинар барысында қатысушылар дәріскерге осы тақырыпта сұрақтар қойып, оларға жауап ала алды.

Жұртшылықпен байланыс орталығы