Тәуелсіздік күніне арналған викторина

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттері арасында «Брейн-ринг» зияткерлік байқауы өтті.

Зияткерлік сайыстың басты тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

Байқау 2 раундтан тұрды. Қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылды: жалпы білім беру және заң пәндері, логика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы