Тәуелсіздік жылдардағы ҚР президенттік басқару институтының даму ерекшеліктері
08 желтоқсан 2023 жылы ҚР Тәуелсіздік күні қарсанында «Құқықтану» және «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Ардақ Құрманбаевна «Тәуелсіздік жылдардағы ҚР президенттік басқару институтының даму ерекшеліктері» тақырыбына дәріс оқыды.
Дәріс барысында тәуелсіздік алған жылдар арасында елдегі саяси өзгерістер, ұлттар арасындағы қақтығыссыз бейбітшілік бағытын дамуына ықпал етуі айтылды. Сонымен қатар бірнеше рет конституциялық реформалардың өзгеріске ұшыраудың себептерін түсіндіре келе, конститутциялық реформалар ережесіндегі ерекшеліктер қарастырылды және Қазақстанның дамуына тікелей ықпалы көрініс тапты. Қазақстандағы президент институтының негізгі бағыттары, оның дамуы мен маңызды аспектілері теориялық тұрғыдан салыстырмалы тұрғыдан қарастыра келе қазақстандық модельдегі ерекшелікке назар аударылды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы