Ташкент мемлекеттік заң университетінде  ҚАЕУоқытушысының академиялық ұтқырлығы

2023 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль Савелий Александрович өзара түсіністік туралы Меморандум аясында Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Халықаралық құқық және адам құқықтары» кафедрасында сабақ өткізді. С.А.Мужчильдің академиялық ұтқырлығының үйлестірушісі болып ТМЗУ оқытушысы, Лондон Brunel университетінің магистратура түлегі Тиллабоев Шохрухбек Мирзатиллаұлы тағайындалды.

Академиялық ұтқырлық аясында С. А. Мужчиль «Халықаралық   жария құқық», «Адам құқықтары», «ДСҰ құқығы», «Дипломатиялық және консулдық құқық» пәндері бойынша сабақтар, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенттеріне арналған зияткерлік викториналар өткізді.